USD
USD
USD

Қазақстан мен Түркия әуе транзиті шарттарын өзгертіп жатыр

Қазақстан мен Түркия әуе кеңістігін өзара пайдалану аясында екі мемлекет арасындағы әуе транзиті шарттарын өзгертіп жатыр.

әуе қорғанысы
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. 5 қараша күні Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы әскери мүлік пен персоналды Қазақстан Республикасының және Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарауға қабылдады.

Депутат Айгүл Құспанның хабарлауынша, бұл келісімге 2024 жылдың 11 қыркүйегінде Астанада қол қойылған.

«Бұл құжат екі мемлекеттің әуе кеңістігін өзара пайдалану аясында әскери мүлік пен персоналдың транзитіне қатысты шарттарды реттеу мақсатында әзірленді. Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті осы заң жобасы бойынша тиісті қорытынды дайындауға дайын», – деді депутат Kazinform-ға берген пікірінде.

Айта кетейік, 2024 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан Үкіметі екі елдің әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу жөніндегі Түркиямен келісімге қол қою туралы қаулы қабылдаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Айболат Бекнияз, Людмила Скрипник

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

жарақат

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Тоқаев, Масадыков

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты

.