USD
USD
USD

Қазақстан мен Руанда арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге шығады

Мемлекет басшысы Руанда Президенті Поль Кагамемен келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда. 

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамеге ілтипат білдіріп, бұл сапардың тарихи мәні зор деп бағалады.

Сондай-ақ Қазақстан мен Руанда арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге шығатынын жеткізді.

– Сіздің бұл сапарыңыз және алдағы келіссөздер екіжақты ықпалдастыққа тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды деп ойлаймын. Руанданың экономикасы қарқынды дамып келеді. Меніңше, өзара байланыстарды нығайта беру қажет. Өйткені Қазақстан – ІЖӨ көлемі, ІТ технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту бойынша өңірдегі көшбасшы ел. Бұл біздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды өркендетудің басым бағыттары бола алады. Сондықтан Сіздің сапарыңызға ерекше мән беремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Руанда Президенті Мемлекет басшысына қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.

– Еліңізге шақырғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мен бұған дейін Қазақстанға 2015 жылы келген болатынмын, бұл менің екінші сапарым. Өзіңізбен және Сіздің командаңызбен бірге екі ел игілігі жолындағы бірлескен жұмысымызды жалғастырудың мүмкіндіктерін қарастырамыз, – деді Поль Кагаме.

Тараптар Қазақстан мен Руанданың саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы қарым-қатынастарын дамыту перспективасын талқылады. Сондай-ақ президенттер аймақтық және халықаралық мәселелер туралы пікір алмасты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тонау және есірткі өткізумен айналысқан 22 қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті

Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Данияр Елеусінов

Рақышев пен Ибрагимов қаржы құйған рамен бизнесінің қазіргі жағдайы қандай?

Кеңес Рақышев, Шухрат Ибрагимов

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер