USD
USD
USD

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

9 қарашадан бастап Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы өткізу бекеттерінде электронды кезекке брондау кезінде 20 АЕК (86 500 теңге – 2026 жылы) мөлшерінде кепілдік жарна талап етіледі. 

«Қазығұрт» өткізу бекеті
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Астана, NEGE. Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, бұл талап «Қазығұрт», «Б. Қонысбаев» және «Атамекен» өткізу бекеттеріне енгізіледі.

«Бұл талап халықаралық тасымалға арналған электронды кезек жүйесінде күшіне енеді. Жаңа шара өткізу бекеттерінде кезектің жасанды түрде қалыптасуына жол бермеу және тасымалдаушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында енгізіліп отыр», – делінген хабарламада.

Электронды кезекке брондау үшін тасымалдаушының арнайы электронды шотында 20 АЕК көлемінде қаражат болуы керек. Егер көлік құралы өткізу бекетіне белгіленген уақытта келсе, кепілдік жарна толық көлемде автоматты түрде қайтарылады.

Егер тасымалдаушы 90 күнтізбелік күн ішінде қатарынан екі рет белгіленген уақытта өткізу бекетіне келмесе, кепілдік жарна қайтарылмайды. Қаражат мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріп алынады.

Департамент өкілдері халықаралық жүк тасымалдаушыларды сапарын алдын ала жоспарлауға, электронды кезекке брондау кезінде жаңа талаптарды ескеруге және арнайы электронды шотта қажетті қаражаттың болуын қамтамасыз етуге кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда кедейлік деңгейі төрт есеге жуық төмендеді

ақша

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы