USD
USD
USD

Қазақстан мен Қытайдың спорт саласындағы басшылары Харбинде кездесті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Бас мемлекеттік дене шынықтыру және спорт басқармасының министрі, Қытай Олимпиадалық комитетінің президенті және Халықаралық ушу федерациясының басшысы Гао Чжиданмен кездесті.

Геннадий Головкин
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Кездесу Харбин-2025 қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің ресми қабылдауы аясында өтті.

Тараптар екі ел арасындағы спортты дамыту саласындағы ынтымақтастық үшін өзара алғыс білдіріп, оны одан әрі нығайтуға ниетті екендерін мәлімдеді.

Қазақстандық делегация Қытай өкілдеріне қонақжайлылық үшін ризашылығын білдіріп, ашылу рәсіміне шақырғаны және Азия ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

«Мұндай ауқымды кешенді жарыстарды өткізу әрдайым үлкен жауапкершілікті талап етеді. Харбин-2025 қысқы Азия ойындарының ұйымдастырушыларына қонақжайлылығы мен үйлесімді жұмысы үшін алғысымызды білдіреміз. Біз ойындардың басынан бері осындамыз және ұйымдастыру комитетінің өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен орындап жатқанын көріп отырмыз. Мұны логистикалық қамтамасыз етуден бастап, техникалық қолдау деңгейі мен еріктілердің үйлесімді әрекеттерінен анық байқауға болады», – деді Геннадий Головкин.

Еске сала кетейік, IX қысқы Азия ойындары-2025 Харбинде 7-14 ақпан аралығында өтуде. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында тоғыз жүлде бар: бір алтын, бес күміс және үш қола медаль.

Қазір оқып жатыр

«Алматыда прокурордың ұлы ірі жол апатын жасады»: қалалық полиция мән-жайды тексеруде

Жол-көлік оқиғасы

АҚШ-қа тікелей рейс: FAA Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бағалау жұмысын аяқтады

FAA сарапшылары отырысы

Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

Елена Рыбакина

«Креслосыз» қалған Әшімбаев: саясаткердің ықпалы әлсіреді ме?

Мәулен Әшімбаев