USD
USD
USD

Қазақстан мен Қытай шекара маңындағы өртке қарсы күресті күшейтеді

Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігімен шекара маңындағы табиғи өрттермен күрес бойынша ынтымақтастықты нығайтты.

Қазақстан-Қытай
Фото: gov.kz

АЛМАТЫ, NEGE. Министрлік өкілдері ҚХР елшілігінің кеңесшісі Ли Ин және атташесі Сю Цзяхуймен жұмыс кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар шекаралық аумақта орын алатын табиғи өрттерден келетін қауіп-қатерлерді азайту жолдарын талқылады. ТЖМ мәліметінше, соңғы үш жылда Қазақстан мен Қытай шекарасына жақын аймақтарда 8 өсімдік жану дерегі тіркелген. Алайда, жедел әрекеттің арқасында бұл өрттер Қытай аумағына өтпей, дер кезінде сөндірілді.

Министрлік шекара маңындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде трансшекаралық оқу-жаттығулардың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мұндай жаттығулар екі елдің төтенше жағдайлар қызметтері арасындағы үйлесімді іс-қимылды арттырады.

Қытай

Қытай
Фото: ТЖМ

— Кездесу қорытындысында тараптар табиғи өрттерге дер кезінде әрі үйлесімді ден қоюдың маңызын ерекше атап өтіп, халықты, инфрақұрылым нысандарын және экожүйені қорғау үшін бірлескен іс-шараларды жалғастыруға ниетті екендерін жеткізді. Сонымен қатар, алдағы уақытта бірлескен оқу-жаттығулар ұйымдастыруға дайын екендерін мәлімдеді, — делінген ТЖМ таратқан ресми хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған