USD
USD
USD

Қазақстан мен Қатар ҰОК арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында кездесу өтті

Қатар Ұлттық Олимпиадалық комитетінің вице-президенті, Азия ауыр атлетика федерациясының басшысы Мұхаммед Юсуф әл-Мана Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің штаб-пәтеріне іссапармен келді.

Кездесу
Фото: Qazaqstan Olympic team

Алматы, NEGE. Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев Мұхаммед Юсуф әл-Мананы Қатар ҰОК вице-президенті болып сайлануымен құттықтап, екі жақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Кездесу барысында тараптар халықаралық ірі спорттық іс-шараларға дайындық, спорт саласындағы тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру және Олимпиада қозғалысын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Бұл кездесу екі ел арасындағы өзара әрекетті нығайтуға және болашақ ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға негіз болды.

Айта кету керек, бұған дейін Мұхаммед Юсуф әл-Мананы Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, ауыр атлетиканы дамытуға қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры