USD
USD
USD

Қазақстан мен Қатар әскери ынтымақтастық жөнінде келісімге келді

Мәжіліс Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.

Қазақстан Катар
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құжатқа 2023 жылдың 12 желтоқсанында Дохада қол қойылған.

Келісімді ратификациялау елдерімізге әскери білім мен ғылым, әскери медицина секілді салаларда ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әскери саладағы мәдени-спорттық іс-шаралар, бітімгершілік операцияларға қатысты мәселелер бойынша кеңестер, жауынгерлік дайындық және басқа да бағыттар қарастырылған.

Келісім аясында екі мемлекеттің уәкілетті органдары әскери ынтымақтастықты анықтайтын, ұйымдастыратын және үйлестіретін бірлескен жұмыс тобын құратын болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер