USD
USD
USD

Қазақстан мен Германия көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Германия Федеративтік Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының көлік министрі Марат Қарабаев көлік саласындағы жетекші неміс компанияларымен бірқатар кездесу өткізді.

Германия
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ведомство басшысы Еуропадағы ең ірі авиациялық хабтардың бірі Airport München әуежайының бас директоры Йост Ламерспен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Германия арасында Шымкент-Мюнхен бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын жүзеге асырудың, рейстер жиілігін одан әрі арттырудың, сондай-ақ әуежай инфрақұрылымын басқарудың озық технологиялары мен стандарттарын қолданудың маңызын атап өтті.

Авиациялық қызметтерді цифрландыру, ұшу қауіпсіздігі деңгейін және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру саласындағы тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар Мюнхен қаласында DB Cargo Eurasia GmbH Басқарушы директоры Андреас Любспен кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Көлік бағытының бәсекеге қабілетін арттыру үшін қазақстандық және еуропалық операторлардың қатысуымен бірлескен жобалар құру мүмкіндігі талқыланды.

Сондай-ақ Siemens Mobility компаниясының локомотив және жолаушылар тасымалы жөніндегі вице-президенті Штефан Бобсиенмен кездесу өтті. Қазақстан Республикасындағы теміржол көлігін жаңғырту саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, оның ішінде:

– заманауи энергия үнемдейтін локомотивтер мен электр пойыздарын жеткізу;
– Қазақстанда өндіріп шығару мүмкіндігі;
– жылжымалы құрамға қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету желісін дамыту;
– пайдалану тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін цифрлық және автоматтандырылған шешімдерді енгізу,
– Siemens-тің қала маңындағы және өңіраралық жолаушылар қатынасын дамыту жөніндегі жобаларға қатысуы.

Siemens Mobility компаниясының тәжірибесін ескере отырып, тараптар ұзақ мерзімді инвестициялық ынтымақтастыққа баса назар аударуға қызығушылық танытты.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Атырау МӨЗ

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

Полиция қызметкері

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.