USD
USD
USD

Қазақстан мен Армения президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығында болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге ресми сапармен келген Армения Президенті Ваагн Хачатурян «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды.

Қазақстан мен Армения президенттері
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Президенттерге АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров қаржы орталығы қызметінің негізгі бағыттары және оның өңірлік бастамаларды дамытудағы үлесі туралы мәлімет берді.

АХҚО арқылы Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13 миллиард доллардан асқан. Оның 5,9 миллиард доллары AIX биржасындағы портфельдік инвестиция болса, 7,3 миллиард доллары АХҚО-ға қатысушы компанияларға тиесілі.

Бүгінде мұнда әлемдегі 80-нен астам елдің 3200-ге жуық компаниясы жұмыс істейді. Олардың қатарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қаржы қызметтері мен сақтандыру салаларына маманданған Арменияның 6 ірі компаниясы да бар. Сонымен қатар АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығының қызметі, орталықтағы сот жүйесінің ерекшелігі жөнінде де ақпарат берілді.

Бұдан бөлек, АХҚО қаржы қызметтерін реттеу комитетінің жұмысы туралы баяндалды.

Аталған комитет пен Армения Республикасының Орталық банкі арасында Банк және сақтандыру қызметтерін, бағалы қағаздар нарығын қадағалау және реттеу саласындағы өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалған.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net