USD
USD
USD

Қазақстан мен Армения көші-қон саласындағы ынтымақтастық жөнінде келісімге келді

Мәжіліс 2024 жылғы 15 сәуірде Ереван қаласында жасалған Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.

Қазақстан мен Армения
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол көші-қон саласындағы екі елдің құзырлы органдары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Қазақстан тарапынан құзырлы органдар – Ішкі істер министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Армения жағынан – Полиция және Ішкі істер министрлігінің Көші-қон және азаматтық қызметі болады.

Келісім аясында тараптар статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпаратпен, тараптардың аумақтарында орналасқан мемлекеттердің азаматтары туралы мәліметтермен алмасуға, сондай-ақ тараптардың аумағында азаматтардың болуына қатысты құқықтық мәселелерін қарастыруға және ынтымақтастық процесінде туындайтын мәселелер бойынша көмек көрсетуге келісті.

Бұл ақпарат елдерге қос азаматтықпен күресу және заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу үшін қажет.

Қазір оқып жатыр

Қызылордадағы учаскелік полиция инспекторының өлімі: күдікті қамауға алынды

Полицей өліміне күдікті

Төрт жыл іздеуде болған қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Түркиядан жеткізілді

The finiko

Таиланд қазақстандықтардың визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты

Таиланд

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина