2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қазақстан мектептерінде метапневмовирусқа байланысты шектеулер енгізіле ме?

Әлемде метапневмовирус инфекциясы таралып жатыр.  Осы жағдайға байланысты Қазақстан мектептерінде шектеу енгізіле ме?  

Маска
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев аталмыш сауалға жауап берді.

«Еліміздің білім беру жүйесі түрлі сынақтарға төтеп бере алатынын көрсетті. Бұл 2020 жылғы пандемия кезінде жинақталған тәжірибенің нәтижесі. Осыған орай, колледждер мен мектептер қажетті жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Дегенмен, қазіргі жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күту қажет», – деді министр.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жауабына негізделеді.

«Жақында денсаулық сақтау министрлігі осы мәселеге қатысты жауабын берді. Министрлік ДДСҰ-ға сауал жолдаған. Ұйым бізге ғана емес, басқа да елдерге жауап берген. Ұйымдағылардың айтуынша, бұл вирус ондаған жылдар бойы таралып келе жатқандықтан, қатты үркудің қажеті жоқ, бірақ аурудың алдын алу шараларын ұмытпаған жөн. Біз де осы жауапқа сүйенеміз. Сол себепті вирустың кең таралу кезеңін бірге өткеруіміз керек», – дейді премьердің орынбасары.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер