USD
USD
USD

Қазақстан мектептерінде 1,7 млн оқушыға тегін ыстық тамақ беріледі

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Ақмарал Мақұлбекованің айтуынша, 2025-2026 оқу жылында жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік мектептердегі 1,7 млн оқушыға, оның ішінде 1,4 млн-нан астам бастауыш сынып оқушыларына және әлеуметтік санаттың 285 мың 5-11 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастырды.

Асхана, тамақ
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. «Оқушыларға бір реттік тамақтандыруды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерден 2025 жылға 192,1 млрд теңген қаржыландыру қарастырылған», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер Оқу-ағарту министрлігінің белгіленген талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Қағида мектептердегі тамақтану қызметін ұйымдастыруға арналған әкімшілік және құқықтық негіздерді белгілейді.

Тамақтану қызметін көрсету тәртібі, жеткізушілерді таңдау және конкурс өткізу механизмдері нақты анықталған. Әр мектепте тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар