USD
USD
USD

Қазақстан құрамасы волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионы атанды

Бүгін, волейболды отырып ойнаудан өткен Азия чемпионатының финалында Қазақстан ұлттық құрамасы Қытай командасын 3:2 есебімен жеңіп, өз тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанды. 

отырып ойнау
Фото: Спорт комитеті

Алматы, NEGE. ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, чемпионат барысында Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Сауд Арабиясы, Жапония және Аустралия командаларын, ал жартылай финалда Таиланд құрамасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Чемпионат қорытындысы бойынша бірінші орынды Қазақстан, екінші орынды Қытай және үшінші орынды Таиланд құрамасы иеленді.

Сондай-ақ чемпионат барысында жоғары шеберлік көрсеткен ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы жеке марапаттарға ие болды. Эрик Қасқабаев – үздік доп беруші, Шыңғыс Медеуов – үздік либеро, ал Алмат Оспанов – үздік блок қоюшы атанды.

«Чемпионаттық ақтық жарысы тартысты өтті. Қарсыластарымыз осал болған жоқ. Финалдық кездесудің алғашқы екі сетінде алаң иелері – Қытай құрамасы басымдық танытты. Алайда ұлттық құрамамыз керемет ерік-жігер мен шеберліктің арқасында келесі үш сетте басым түсіп, тартысты ойында тарихи жеңіске қол жеткізді. Бұл – Қазақстан үшін Азия чемпионатындағы алғашқы алтын медаль. Жарысқа дайындық барысында қолдау білдірген серіктестеріміз – Citi, Sport Qory, «Самұрық-Қазына» АҚ және басқа да демеушілерге алғысымызды білдіреміз», – деді ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов.

Айта кетейік, волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты 6–15 маусым аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті. Жарысқа 8 ерлер және 7 әйелдер ұлттық командасы қатысты. Чемпионаттың нәтижесі бойынша Қазақстан мен Қытай құрамалары 2026 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.

Қазақстандықтар БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз айырбастай алады

жолдағы жылдамдық