USD
USD
USD

Қазақстан құрамасы таеквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде алты медаль жеңіп алды

Таеквондодан Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан "World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4" турнирінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті.

таеквондо
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Ұлттық құрама аралас командалық сайыста финалға дейін жетті. Алайда шешуші кездесуде Өзбекстанның B құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп, турнирді күміс медальмен аяқтады.

Ұлттық құрама сапында Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймукашева және Аида Тәукенова ел намысын қорғады.

Сонымер қатар қазақстандықтар жекелей сайыста да жүлделі орындардан көрінді.

Бекасыл Ергеш (80 келіге дейін) және Аяулым Асқар (67 келіге дейін) күміс жүлде еншілесе, Нұрбек Ғазез (68 келіге дейін), Алмира Қанат (57 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында алты медаль бар. Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медальға ие болған еді.

Қазір оқып жатыр

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам