USD
USD
USD

Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Австриядан басым түсті

Қазақстан хоккей құрамасы Венгрияда өтіп жатқан ІА дивизионында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аясында екінші жеңісіне қол жеткізді.

Шайба
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Австрияға қарсы матчтың алдында бапкерлер штабы құрамда тек бір өзгеріс жасады. Қақпада Тәңірхан Алпысбаевтың орнына Данил Лыткин шықты.

Отандастарымыз бірінші кезеңде қатарынан үш шайба соқты: матчтағы есепті Бексұлтан Мақыш ашты, артынша Аристарх Киреев пен Руслан Түсіпбеков гол салды. Үшінші кезеңде қарсылас есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартты. Алайда Санжар Ибрагим бос қақпаға гол соғып, матчтың нүктесін қойды. Есеп – 4:2. Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді. Құрама еншісінде екі жеңіліс бар.

Қазақстан құрамасы келесі матчты Украинаға қарсы өткізеді. Кездесу 26 сәуірде Астана уақытымен 22:30-да басталады.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

.

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.