USD
USD
USD

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ванкувердегі Әлем кубогының кезеңінде үшінші орын алды

Қазақстандық шпагашылар Ванкуверде (Канада) өткен әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Семсерлесу
Фото: Семсерлесу

Алматы, NEGE. Жүлдеге жету жолында қазақстандық спортшылар Гонконг құрамасын - 45:31 есебімен тізе бүктірді. Ширек финалда Италиядан - 45:28 есебімен айласын асырды. Алайда, отандастарымыз жартылай финалда Жапонияға қарсы 28:45 есебімен есе жіберді.

Үшінші орын үшін тартыста Қазақстан құрамасы Франциядан 35:34 есебімен басым түсті. Ал алтын жүлдені финалда Жапонияны жеңген Венгрия командасы иеленді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының намысын Руслан Құрбанов, Элмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай қорғады.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы