USD
USD
USD

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Швейцарияда өткен әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді

Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден Бернде (Швейцария) өткен әлем кубогының кезеңінде ширек финалға дейін жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасы
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Командалық жарыста медаль үшін Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Руслан Құрбанов күресті.

1/16 финалда біздің семсерлесушілер Данияны 31:30 есебімен жеңді. Келесі кезеңде Қазақстан құрамасы Украинаны 33:32 есебімен тізе бүктірді.

Ширек финалда қазақстандық спортшылар Венгрияға 36:45 есебімен есе жіберді. Содан соң 5-8 орындар үшін өткен кездесуде Қазақстан Швейцариядан 42:45 есебімен ұтылды. Жетінші орын үшін Нидерланд құрамасымен болған сайыста қазақстандықтар 45:40 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем кубогының кезеңінде жалпы есеп бойынша жетінші орынды иеленді.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға