Қазақстан құрамасы Бельгиямен тең түсті, бірақ әлем чемпионатына өте алмады
Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі өз алаңындағы матчта Бельгиямен 1:1 есебімен тең түсті. Ойын «Астана Аренада» өтті.
Астана, NEGE. Кездесу басталғанына тоғыз минут өткенде «Қайрат» клубының жас ойыншысы Дастан Сәтпаев есеп ашты. Бұл – оның ұлттық құрама сапындағы алғашқы голы. Кейін Ханс Ванакен таразы басын теңестірді.
77-минуттан бастап Қазақстан құрамасы бір ойыншы кем ойнады. Ислам Чесноков Жереми Докуға қарсы жасалған фол үшін тікелей қызыл қағаз алды. Бастапқыда төреші оған сары қағаз көрсеткен, алайда VAR арқылы эпизодты қайта қарағаннан кейін шешімін өзгертіп, Чесноковты алаңнан қуды.
Ойын барысында қақпашы Темірлан Анарбеков ерекше көзге түсті. Ол бельгиялықтардың бірнеше қауіпті соққысын қайтара білді.
Дегенмен бұл нәтижe Қазақстан құрамасына 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік бермеді.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады