Референдум Референдум
USD
USD
USD

Қазақстан құрамасы Байруттегі Халықаралық жарыста бақ сынайды

19-21 наурыз күндері Ливан астанасы Бейрутта үстел теннисінен WTТ Feeder Beirut 2024 халықаралық турнирі өтеді.

Үстел теннисі
Фото: olympic.kz

Алматы, NEGE. Аталған сынға 20-дан астам елден 118 спортшы (69 ер, 49 әйел) қатысады.

Қазақстан атынан Айдос Кенжеғұлов, Сарвиноз Мирқадірова, Владислав Захаров, Зәуреш Ақашева, Санжар Жұбанов, Анель Бақыт, Ескендір Харки, Ангелина Романовская, Ырысбек Артықметов, Арай Ашкеева өнер көрсетеді.

Біздің мүмкін қарсыластарымыздың қатарында жұптық сындағы әлем чемпионы, Азия чемпионатының 10 дүркін жүлдегері Чуан Чи-Юань (Тайбэй), әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері, Азия чемпионы Ан Джэ Хён (Корея), Азия чемпионатының командалық есептегі қола жүлдегерлері Хармит Десай (Үндістан), Манав Таккар (Үндістан) және Сатиян Гнанасекарян (Үндістан), Олимпиада ойындарының командадағы қола жүлдегері, алты дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Ду Хойкем (Гонконг), командадағы 2024 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Чжу Чэнчжу (Гонконг), әлем, Азия чемпионаттарының және Азия ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Со Хё Вон (Корея) бар.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов