USD
USD
USD

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында төртінші орын алды

Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті. 

Екі алтын медаль

  • 3000 метрге тосқауылмен жүгіру мен 5000 метр қашықтықта Нора Джеруто қарсылас шақ келтірмей, екі алтын медаль иеленді.
  • 10 000 метрге жүгіруден Дейзи Джепкемей алтын медаль жеңіп алса, 3000 метрге тосқауылмен жүгіруден қола медаль иеленді.

Күміс пен қола алғандар

  • Биіктікке секіруден Елизавета Матвеева күміс жүлдені еншіледі.
  • 20 шақырымдық спорттық жүрістен Ясмина Токсанбаева қола жүлдегер атанды.

Қазақстан құрамасы Катармен тең көрсеткішке ие болып, төртінші орынды иеленді.

Чемпионат көшбасшылары:

  • Қытай — 19 алтын, 9 күміс, 4 қола
  • Үндістан — 8 алтын, 10 күміс, 6 қола
  • Жапония — 5 алтын, 11 күміс, 12 қола

Қазір оқып жатыр

Егеуқұйрық уы анықталды делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Балалар тағамы

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?

Сарбаздар, Қазақстан әскері

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

мұнай

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Депутат