Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстан құрама командасы XX қысқы Сурдлимпиадада шахматтан қола жүлде жеңіп алды

XX-шы қысқы Сурдлимпиадада Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық шахматтан 10 ұпай жинап, қола медальға ие болды.

Қазақстан құрамасы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ал жарыстың алтын жүлдесін 12 ұпай жинаған Хорватияның спортшылары жеңді, күміс медаль 11 ұпай жинаған Польша командасына бұйырды.

Ұлттық құрама сапында Сұлтан Қожахметов, Самажан Кеттебеков, Максим Рожков, Амангелді Наурызғалиев, Мейрман Пернеев және Виктор Максименко ойнады.

«Классикалық шахматтан жарыс қызу өтті, қарсыластарымыз осал болмады. Ойын барысында еліміздің спортшылары Италия, Германия және Сербия құрама командаларын жеңіп, Украина мен Польша командаларымен тең ойнап, тек Хорватия командасына есе жіберген болатын. Жарыстың нәтижесінде командамыз 7 турдан өтіп, он үш команда арасында үшінші орынға тұрақтады», - деді шахматтан аға жаттықтырушы Елдос Күзербаев.

Айта кетейік, XX-шы қысқы Сурдлимпиада Түркияның Эрзурум қаласында 2-12 наурыз аралығында өтті. Жарысқа Қазақстан атынан 26 спортшы (шахматтан, сноубордтан және шаңғы жарысынан) қатысты.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz