USD
USD
USD

Қазақстан көмір саласына инвестиция көлемін екі есе арттырмақ

Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл көмір өнеркәсібіне 553 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл 2025 жылы салынған инвестиция көлемінен екі еседей көп.

Инвестиция
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда көмір өндіру көлемі 115 млн тоннаға жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7%-ға көп. Оның ішінде 85 млн тонна көмір ішкі тұтыну мен коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалса, экспорт көлемі 30 млн тонна болды. Қазақстан көмірі негізінен Ресей, Польша, Өзбекстан, Түркия, Үндістан, Малайзия елдеріне экспортталды.

«2026 жылы көмір өндіру көлемін 128,9 млн тонна деңгейіне жеткізу жоспарланып отыр. Қазір көмір өндірумен 40 жер қойнауын пайдаланушы айналысады.

Геологиялық барлау жұмыстарын дамытуға ерекше назар аударылуда. Биылғы жылдың соңына дейін 10 жер қойнауы учаскесі бойынша көмір кен орындарына жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру жөнінде аукцион өткізу жоспарланған», – делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстан көмір қоры бойынша әлемде 10-орынды иеленеді. Жалпы көмір қоры 33,6 млрд тоннаға тең. Бұл қор елді 300 жылдан астам уақытқа көмірмен қамтамасыз етуге жетеді.

Қазір оқып жатыр

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті