Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстан КҚК-ға жасалған шабуылдар салдарынан шамамен 700 млн доллар табыстан қағылды – сарапшы

Мұндай деректі мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов келтірді.

Мұнай
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Оның мәлімдеуінше, Reuters агенттігі дереккөздерге сілтеме жасап, шілде айында Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі маусыммен салыстырғанда 14%-ға қысқарғанын хабарлаған. Нақтырақ айтқанда, өндіріс көлемі 8,6 млн тоннадан 7,6 млн тоннаға, яғни тәулігіне 2,16 млн баррельден 1,85 млн баррельге дейін төмендеген.

Байділдиновтің айтуынша, кейбір күндері өндіріс көлемі 50%-дан астам төмендеген. Оның пікірінше, бұған Каспий құбыр консорциумының (КҚК) танкерлері мен инфрақұрылымына жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдары себеп болған.

Сарапшының есептеуінше, шілде айында Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне шамамен 87 доллар болғанын ескерсек, Қазақстан құны кемінде 635 млн доллар болатын шамамен 1 млн тонна көмірсутек өндіре алмаған. Газ өндірісінің төмендеуін қоса есептегенде, Байділдинов жалпы шығын 700 млн доллардан асатынын айтады.

Ол 2025 жылы Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндірудің орташа айлық көлемі 8,3 млн тонна болғанын еске салды. Сарапшының сөзінше, өткен жылы КҚК жұмысындағы іркілістерден кейін өндіріс қалпына келе бастағанымен, жаңа шабуылдар оның өсімін қайта тежеген.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында заңсыз алтын өндірді деген күдікпен 13 адам қамауға алынды

заңсыз алтын өндірісі

Щучинскіде 12 адамның өліміне әкелген жарылыс: дәмхана иесі сотта жауап берді

Сот

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.