USD
USD
USD

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Сыпатай батыр» автомобиль өткізу пунктінде жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 25 қарашадан бастап көлік құралдарының барлық түріне қозғалыс уақытша шектеледі.

Өткізу бекеті
Фото: Көлік министрлігі

Астана, NEGE. Көлік министрлігінің хабарлауынша, жоба аясында өткізу пунктінде заманауи инспекциялық-тексеру кешені (ИТК) салынады. Бұл оның өткізу қабілетін арттырып, тексеру рәсімдерін жетілдіруге мүмкіндік бермек.

Құрылыс-монтаж жұмыстары шамамен алты айға созылады деп жоспарланған. Құрылыс кезінде Қазақстанның «Сыпатай батыр» және Қырғызстанның «Чалдыбар» өткізу пункттері арқылы көлік қозғалысы тоқтатылады.

Ал жаяу жүргіншілер үшін қоршаулармен және ескерту белгілерімен жабдықталған уақытша қауіпсіз өту жолдары ұйымдастырылады.

Тасымалдаушылар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қатынас үшін балама өткізу пункттерін пайдалана алады. Олар: «Қордай», «Қарасу», «Аухатты», «Сортөбе» және «Айша-Бибі».

Жауапты органдар азаматтар мен тасымалдаушыларды сапар бағытын жоспарлау кезінде уақытша шектеулерді ескеруге шақырды.

Айта кетерлігі, 2025 жылы «Сыпатай батыр» өткізу пункті арқылы 326,8 мың көлік пен 850 мың адам өткен.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті

Қандастар Президенттен KazTest талаптарын қайта қарауды сұрады

Төлқұжат

Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейтуді тапсырды

Олжас Бектенов, Ерсайын Нағаспаев

Игорь Лепеха ішкі істер вице-министрі қызметінен кетті

Игорь Лепеха