USD
USD
USD

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу бекетінде Қырғызстан бағытына қарай 400-ге жуық жүк көлігі жиналған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

.
Фото: Видеодан алынған үзінді/ архив

Астана, NEGE. Комитеттің мәліметінше, көлік ағынының артуы уақытша құбылыс. Бұған халықаралық жүк тасымалының маусымдық көбеюі және Қырғызстан аумағында жүк көліктерінің қозғалысына енгізілген температуралық шектеулер әсер еткен.

Қазір өткізу бекетінің жұмысын күшейту және көлік ағынын реттеу шаралары қолға алынған. Жүк көліктерінің бір бөлігі жақын маңдағы өзге өткізу бекеттеріне бағытталып жатыр. Қазақстан тарапы Қырғызстанның құзырлы органдарымен де тұрақты байланыста.

Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушылардан жол бағытын жоспарлаған кезде шекарадағы қазіргі жағдайды ескеруді сұрады.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті