USD
USD
USD

Қазақстан кинотеатрларында архивте сақталған тарихи видеолар көрсетіліп жатыр

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының архивінде сақталған кино, фото және аудиоқұжаттар негізінде жасалған бейнематериалдар әзірледі.

Кинотеатр
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Тарихи көрсетілім еліміздегі Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарындағы – жалпы 24 кинотеатрда, әр аптаның жұма, сенбі және жексенбі күндері кешкі уақытта көрсетілуде.

Көрсетілетін бейнероликтер «Қазақстан тарихындағы ең алғашқы фотосурет», «Қазақстан тарихындағы ең алғашқы аудиожазба», «Түрксіб – Шығыс пен Батысты жалғаған жол», «Алматы архитектурасының эволюциясы», «Нейрожелінің көмегімен өмірге келген этнографиялық фотосуреттер» сынды түрлі тақырыптарды қамтиды.

Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен «Cinema Invest Group» ЖШС Кинопаркі арасында аудиовизуалды құжаттарды насихаттау жөніндегі ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.

Бұл бастама көрерменнің назарын тарихи материалдарға аудара отырып отандық тарих пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыруды көздейді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала