USD
USD
USD

Қазақстан Қарулы күштері Бас штабына жаңа басшы тағайындалды

Айтқұрман Омарбеков Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды. 

Атқұрман Омарбеков
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті өкімге қол қойды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Айтқұрман Омарбеков 1977 жылы Абай облысында дүниеге келген. 

Ол Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің Әскери университетін «Моральдық-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша, Еуразия гуманитарлық институтын «Юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 

2022 жылғы қаңтарда Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштер қолбасшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Қорғаныс министрлігіндегі жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Айрықша мақсаттағы күштер қолбасшысы болды.

Еске салсақ, 3 қазанда Мемлекет басшысының өкімімен бұған дейін қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы лауазымын атқарған Қаныш Әбубәкіров қызметінен босатылды. Сондай-ақ қорғаныс министрінің орынбасары Алмаз Джумакеев пен Қарулы күштер Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қызметінен кетті.

Айта кетейік, кадрлық шешімдер Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеріс жүріп жатқан тұста қабылданып отыр.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 14 әскери қызметші қаза тапқаннан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктегі жағдайды, соның ішінде әскери құрылымдардың қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін тексеретін арнайы комиссия құрды. Оны Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарады.

Әскерилердің қазасынан кейін қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі бес лауазымды тұлға ұсталды.

27 қыркүйекте қорғаныс министрі Дәурен Қосанов та қызметінен босатылды. Сол күні оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев

Колонияларда мобильді сигнал қуатын шамадан тыс асырған үш операторға айыппұл салынды

Айыппұл

Елена Рыбакина жарақатына байланысты Ухань турнирінен шет қалды

Елена Рыбакина