USD
USD
USD

Қазақстан Қарашығанақ бойынша арбитражда жеңіске жетті

Өтемақы көлемі 2 млрд доллардан 4 млрд долларға дейін жетуі мүмкін.

kmg.kz
Фото: kmg.kz

Астана, NEGE. Қазақстандағы Қарашығанақ кен орнын игеріп отырған ірі мұнай компаниялары халықаралық арбитражда ұтылып, ел үкіметіне өтемақы төлеуге міндеттелді, деп жазады Bloomberg.

Сот әзірге Eni SpA мен Shell Plc бастаған серіктестердің нақты қанша сома төлеуі тиіс екенін анықтаған жоқ.

Басылым дереккөзінің хабарлауынша, Қазақстан үкіметі Қарашығанақ операторларынан 6 млрд доллардан астам қаржы талап еткен. Сыртқы заңгерлік кеңеске сәйкес, арбитраж шешімі Қарашығанақ серіктестерін шамамен 2 млрд доллардан 4 млрд долларға дейінгі қаражатты кері қайтаруға міндеттеуі мүмкін. 

Сондай-ақ арбитраж соты мұнай компанияларының талап қою мерзімінің өтіп кеткенін алға тартып, істі ішінара тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырмады. 

«Қазақстан үкіметі Қарашығанақты – елдегі үшінші ірі кен орнын игерушілерді 2023 жылы "шығындарды негізсіз шегерді" деп сотқа берген. Бастапқы талап сомасы 3,5 млрд доллар болғанымен, кейін сыбайлас жемқорлық арқылы кейбір шығындар қолдан ұлғайтылған деген айыптаулар қосылып, талап айтарлықтай өскен. Былтыр халықаралық компаниялар дауды реттеу үшін кен орнындағы табиғи газды ішкі нарыққа өңдейтін зауыт салуды ұсынған», – деп жазады басылым.

Қарашығанақ серіктестері 2020 жылы табысты бөлуге қатысты дауды реттеу үшін 1,3 млрд доллар төлеген. Жобаға бүгінге дейін кемінде 31 млрд доллар инвестиция салынды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар