USD
USD
USD

Ыстықкөлдегі қазақстандық санаторийлер жаңғыртылады

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Ыстықкөлдегі қазақстандық нысандарға қатысты келісімдерге енгізілген өзгерістер парламент Мәжілісінде қаралды. Құжат курорттық кешендерді жаңғыртуға байланысты бұрын орындалмаған міндеттемелерді қайта айқындайды.

Ыстықкөл
Фото: informburo.kz

Астана, NEGE. Мәжіліс 2009 жылғы 1 желтоқсанда жасалған Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері арасындағы Ыстықкөл облысындағы жер учаскелерін жалға беру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялады.

Хаттаманы таныстырған министр Мәди Такиев Қазақстан Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысындағы жер учаскелерін 49 жыл мерзімге уақытша пайдалануға алғанын еске салды. Аталған аумақта Қазақ КСР кезеңінде салынған төрт нысан бар. Атап айтқанда, олар — Президент Іс басқармасына қарасты «Қазақстан» санаторийі, Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Самал» демалыс үйі, «Университет» спорттық-сауықтыру лагері, Туризм және спорт министрлігінің «Олимп» демалыс базасы.

Сондай-ақ шартта 2006 жылғы 4 шілдеде Астанада қол қойылған, Ыстықкөл облысындағы курорттық-рекреациялық нысандарға Қазақстанның меншік құқықтарын реттейтін келісімде көзделген міндеттемелерді орындау қарастырылған. Осы мақсатта келісім мәтіні инвестор тартуға мүмкіндік беретіндей етіп өзгертіліп, толықтырылды.

Қазір оқып жатыр

Қытайлық Temu маркетплейсіне Швейцарияда сатушыларға қысым көрсетті деген айып тағылды

Temu

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық