USD
USD
USD

Қазақстан халқының несиесі 20,7 триллион теңгеге жетті

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының несиесі 20,7 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Қазақстан халқының несиесі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Былтыр желтоқсан айында несиелердің көлемі 1,7%-ға өскен. Бір ай бұрын, яғни 2024 жылғы 1 желтоқсанда азаматтардың кредиттері 20,3 трлн теңге болған еді.

Агенттіктің мәліметінше, халыққа берілген кредиттер 2024 жылы 23,9%-ға ұлғайып, 20,7 трлн теңгеге жеткен. Былтыр желтоқсан айында несиелердің көлемі 1,7%-ға өскен. Десе де 2023 жылмен салыстырғанда (26,7%) бәсеңдеу бар.

«Халыққа берілетін кредиттер құрылымында ипотекалық несие 2024 жылы 14,5%-ға 6,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ипотекалық портфельдегі нарықтық бағдарламалардың үлесі 2023 жылмен салыстырғанда 26,6%-дан 30,2%-ға дейін ұлғайды. 2024 жылы тұтынушылық қарыздар 2023 жылғы 34,2 пайыздан баяулап, 33,5%-ға немесе 13,8 трлн теңгеге дейін өсті. Желтоқсанда өсім 1,9% болды», – делінген хабарламада.

Желтоқсан айында бизнеске ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа мөлшерлемесі 19,7%, халыққа – 17,0% болды.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы