2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

«Қазақстан халқына» қоры су басқан ауылдарға үй салуға 5 млрд теңге бөледі

Бұл туралы ақпарат қордың Instagram-дағы парақшасына жарияланды.

"Қазақстан халқына" қоры
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бүгін 31 наурызында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев пен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Олжас Бектеновтің кездесуі өтті.  

Тұжырымдамаға сәйкес, қор мақсаттарының бірі – төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсету. Осыған орай, қор жалпы сомасы 5 млрд теңгеге Қазақстанның бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсетеді.

Қайырымдылық көмек жергілікті атқарушы органдардың объективті тексеруі және ауылдық жердегі тұрғын үйді тиісті сараптама ұйымдары жарамсыз деп таныған жағдайда көрсетіледі. Растайтын құжаттар алынғаннан кейін қордың ішінде шешімді бекітудің тиісті рәсімдері жүргізілетін болады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2022 жылдың сәуір айында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданына жасалған қайырымдылық көмек көрсету тәжірибесіне сүйене отырып, қор су тасқынынан зардап шеккен ауылдық елді мекендерде 200 үй салуға болады деп есептейді.

«Қазақстан халқына» қоры президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ел Үкіметінің су тасқыны жағдайын тұрақтандыруға бағытталған барлық іс-шараларын қолдайды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер