USD
USD
USD

Қазақстан халықаралық банктен 85 млрд йен қарыз алады

Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

ақша
Фото: pinterest.com

Алматы, NEGE. Депутат Татьяна Савельеваның хабарлауынша, заң жобасы Үкіметтің 2024 жылғы 18 қарашадағы қаулысымен енгізілген. Келісім 2024 жылдың 11 қазанында Астанада жасалған.

«Аталған келісім 2024 жылғы 11 қазанда Астанада жасалған. Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің қарызы Қазақстан Республикасына 84,9 млрд йен сомасында беріледі. Оны өтеу мерзімі - 11 жыл. Қарыз қаражаты ел экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін тартылып жатыр. Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді палата депутаты Т.Савельева.

Жақында Қазақстанның бюджет тапшылығына байланысты Азия банктерінен 105 миллиард иен қарыз алатыны белгілі болған еді. 

Қазір оқып жатыр

«800 млн теңге емес»: Перуашев Алматыдағы үй туралы қауесетке жауап берді

Ақ жол

Біздің елде қоғамды екіге жаратындай саяси дау-дамайлар жоқ – Ерлан Қарин

Ерлан Қарин

Бибісара Асаубаева азаматтығын ауыстырмақ па: Спорт министрлігі жауап берді

Бибісара Асаубаева

Бектенов халықтың нақты табысы неге төмендегенін айтты

Мәжіліс