Референдум Референдум
20 Ақпан 08:50
...

Қазақстан Газаны қалпына келтіру жұмысына атсалысуға дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Бұл жөнінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында мәлімдеді.

Референдум

Астана, NEGE. Оның айтуынша, Қазақстан іскерлік және кәсіби беделі жоғары деңгейдегі халықаралық компанияларды тарта отырып, аймақты қайта қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарына қатысуға ниетті.

«Бұл бағдарлама бойынша инфрақұрылым жасақтауға, үйлер мен тұрғын үй кешендерін, мектептер, ауруханалар және басқа да маңызды әлеуметтік нысандарды салуға болады. Әлемдегі ең ірі бидай өндірушілердің бірі саналатын еліміз Газа мен одан тысқары жерлердегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін гуманитарлық көмек көрсетуге дайын», – деді Тоқаев  Дональд Трамп атындағы бейбітшілік институтында өткен жиында.

Бейбітшілік кеңесі
Ақорда

Сондай-ақ Президент палестиналық студенттерге Қазақстанда білім алуы үшін бес жыл бойы 500-ден астам оқу грантын бөлу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

«Біз халықаралық деңгейде мойындалған электрондық үкімет саласындағы тәжірибемізбен және басқа да цифрлық шешімдермен бөлісе аламыз. Қазақстан Халықаралық тұрақтандыру күштерін қолдауға әзір. Яғни далалық госпиталь құру үшін бір топ медицина маманын, сондай-ақ Азаматтық-әскери үйлестіру орталығына бақылаушылар жіберуге даяр», – деді ол.

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін аймақта бейбітшілік пен ынтымақтастықты, өзара сенімді нығайтуды көздейтін жаңа тәсілдер қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар Президент Бейбітшілік кеңесі аясында Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынды.

Референдум