USD
USD
USD

Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растады.

Әділет Барменқұлов
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды. Барлық тергеу әрекеттері заңнама талаптарына сай жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.

Осыған дейін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі Әділет Барменқұловтың федерация президенттігінен кеткенін растаған болатын. Ол бұл қызметті 2022 жылғы ақпаннан бері атқарды.

Қазір оқып жатыр

Екі алтын, екі қола: Қазақстан Азия ойындарын сәтті бастады

.

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы