USD
USD
USD

Қазақстан есірткі көп қолданатын 10 елдің қатарына енді

World population Review ұйымының сарапшылары тыйым салынған заттарды көп тұтынатын елдердің рейтингісін жасады. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Қазақстан
Фото: islam.kz

Алматы, NEGE. World population Review сарапшылары жыл сайын тыйым салынған заттарды тұтыну бойынша елдердің рейтингін жасайды. Олар өткен жылдардағы деректер жиналған БҰҰ-ның есірткі туралы Дүниежүзілік есебіне, сондай-ақ денсаулық сақтаудың басым мәселелері бойынша қазіргі жағдайға және тенденциялар туралы талдамалық есеп беретін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық обсерваториясының деректеріне сілтеме жасайды.

Қазақстан бұл тізімде сегізінші орында тұр.

“Біздің елде адамдар есірткіге байланысты орта есеппен 3,7 жыл салауатты өмірден айырылады”, делінген хабарламада.

Бірінші орында – АҚШ. Екінші орынды Эстония иеленді, одан кейін Беларусь, Моңғолия, Канада, Гренландия және Ресей орналасқан.

Зерттеушілер әлемдегі ең көп қолданылатын есірткіге алкоголь мен марихуана да кіретінін атап өтті. Рейтинг БҰҰ-ның есірткі туралы Дүниежүзілік есебінің негізінде жасалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті