USD
USD
USD

Қазақстан ерлер құрамасы асық атудан Монғолияны 3:0 есебімен жеңді

Қазақстан ерлер ұлттық құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында асық атудан Монғолия ұлттық құрамасын 3:0 есебімен жеңіп шықты, деп хабарлайды «Ұлттық спорт және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

 V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
Фото: worldnomadgames.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан ерлер құрамасы А тобындағы алғашқы ойынын Монғолия құрамасына қарсы өткізіп, қарсыластарына ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Осылайша, отандық спортшылар 5 кездесудің алғашқысын жеңіспен бастады. Енді Қазақстан құрамасы Өзбекстан, Испания, Грузия және Мажарстанға қарсы кездесулер өткізеді.

Сонымен қатар, Қазақстан әйелдер құрамасы да А тобындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Олар Мажарстаннан келген қарсыластарын 3:0 есебімен жеңіп, өз тобында Қырғызстан, Швеция және Румыния әйелдер құрамаларына қарсы ойнайтын болады.

Дүбірлі додада асық атудан еліміздің намысын 8 спортшы қорғап жатыр: Нуркисса Молжигитов, Жомарт Нурланов, Керім Жаздықбай, Амандос Айткұлов, Перизат Елемес, Камила Даниярова, Сания Әскер және Көгершін Думан.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында асық атудан сайыстар «Алау» мұз айдыны кешенінде өтіп жатыр. Финалдық кездесулер 11 қыркүйек күні өтеді.

Қазір оқып жатыр

Көлік әйнегін күңгірттеу бюджетке қосымша табыс әкелуі мүмкін

.

Тараз тұрғындары балабақша маңынан жүйіткіп өтетін көліктерден қауіптеніп, полициядан көмек сұрады

Жол белгісі

Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітіне қандай айыптар тағылған?

сот

Пластик есік-терезе орнатқан: Маңғыстауда жартасты мешітті бүлдіргендер іздестіріліп жатыр

Қапам ата мешіті