USD
USD
USD

Қазақстан ең төменгі жалақыны айқындау тәсілдерін халықаралық деңгейде бекітеді

Мәжіліс дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (№131 конвенция) ратификациялады.

Зейнетақы, ақша, есеп
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. №131 конвенцияны ратификациялау не береді?

– Қазақстанның ең төменгі жалақыны айқындайтын қолданыстағы тәсілдерін халықаралық деңгейде бекітеді;

– Қазақстанның Халықаралық еңбек ұйымына мүшелігі аясында халықаралық міндеттемелерге адалдығын растауға мүмкіндік береді.

Құжатта мынадай жалпы принциптер айқындалады:

– ең төменгі жалақы жүйесін енгізу;

– әлеуметтік әріптестік тараптарының ең төменгі жалақыны белгілеуге және қайта қарауға қатысуы;

– ең төменгі жалақыны анықтау кезінде экономикалық факторлар мен жұмысшылардың қажеттіліктерін есепке алу;

– еңбекақы саласындағы кемсітушілікке тыйым салу.

Қазақстан 1993 жылдан бастап Халықаралық еңбек ұйымының толыққанды мүшесі және ұйым ережелерін сақтау мен халықаралық еңбек стандарттарын ұлттық заңнамаға кезең-кезеңімен енгізу бойынша міндеттемелерді мойнына алды.

Бұған дейін Қазақстан еңбек жағдайлары, еңбекті қорғау, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік диалогтың негізгі мәселелерін қамтитын еңбек саласындағы ұйымның 28 конвенциясын ратификациялады.

Қазіргі уақытта ең төменгі жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (131-конвенция) Халықаралық еңбек ұйымына мүше 54 мемлекет ратификациялады. Олардың қатарында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан Армения мен Әзірбайжан бар.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар