USD
USD
USD

Қазақстан экономикасы 2027 жылы 4,8%-ға өсуі мүмкін – ХВҚ

Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасының 2026-2027 жылдарға арналған болжамын жариялады. Қор сарапшыларының бағалауынша, 2026 жылы елдің нақты жалпы ішкі өнімі 4,6%-ға, ал 2027 жылы 4,8%-ға өседі.

Тиындар
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл туралы қордың Қазақстанға жасаған миссиясының қорытынды мәлімдемесінде айтылған.

ХВҚ өкілдері Қазақстанда 4-17 қараша аралығында болып, елдің экономикалық жағдайына баға берді.

Қор мәліметінше, елде инфляцияның төмендеуіне ақша-несие саясатын қатаңдату, пруденциялық шаралар және өтімділікті басқару тиімділігінің артуы ықпал еткен. 2026 жылғы қазанда жылдық инфляция 9,2%-ға дейін төмендеді. Бұған теңгенің нығаюы және азық-түлік пен азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқынының баяулауы да әсер еткен.

ХВҚ инфляция алдағы уақытта біртіндеп төмендейді деп болжайды. Алайда халықаралық қор өкілдері ақша-несие саясатын қатаң ұстау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Халықаралық валюта қоры сарапшылары қолданыстағы шараларды сақтауды және мемлекеттік қолдау бағдарламаларының ықпалы байқалатын кредиттеу бағыттарын, соның ішінде ипотекалық несиелендіруді бақылауды жалғастыруды ұсынады.

Қазақстан экономикасына төнетін негізгі тәуекелдерд қандай?

ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасына әсер етуі мүмкін бірқатар сыртқы және ішкі тәуекелді атады.

Сыртқы факторлар қатарында көмірсутек бағасының төмендеуі, негізгі сауда серіктестеріндегі экономикалық өсімнің баяулауы, әлемдік қаржы жағдайының қатаңдауы, сондай-ақ мұнай өндіру мен экспорттаудағы іркілістер аталған.

Ал ішкі тәуекелдерге бюджет кірістерінің жоспарланған деңгейге жетпеуі, квазимемлекеттік сектор қызметінің кеңеюі, тарифтердің өсуіне байланысты қысым және инфляциялық күтулердің жоғары деңгейде сақталуы жатқызылған.

ХВҚ қандай реформалар жүргізуді ұсынады?

Қор Қазақстан экономикасының өнімділігін арттырып, жеке сектордың рөлін күшейту үшін құрылымдық реформаларды жалғастыру қажет деп санайды.

Басым бағыттар ретінде мемлекеттің экономикаға араласуын азайту, мемлекеттік кәсіпорындарды ашық түрде қайта құрылымдау және жекешелендіру, бизнес ахуалды жақсарту, сондай-ақ капитал нарығын дамыту ұсынылған.

Қазір оқып жатыр

«Бұл менің досым»: Қытайда Путин мен Трамптың жабық келіссөздері басталды

Путин мен Трамп

АҚШ конгресі Трамп отбасының қаржылық операцияларын тексермек

Трамп ұлдарымен

Отбасы банк 52 мыңнан астам азаматты тұрғын үй кезегінен шығарды

Отбасы банк

Бектенов: «Самұрық-Қазына» қорының жаңа басшысы жақын арада тағайындалады

Самұрық-Қазына