USD
USD
USD

Қазақстан дзюдо федерациясының жаңа бас хатшысы тағайындалды

Астанада дзюдо федерациясының кезекті конференциясы өтті. Онда атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы жоспарлар талқыланды.

Дзюдо
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Сонымен қатар конференция қорытындысы бойынша кадрлық өзгеріс орын алды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев бұған дейін атқарып келген бас хатшы қызметінен босап, Дзюдо федерациясының вице-президенті болып тағайындалды.

Айта кетейік, Асхат Жіткеев 2011–2012 жылдары Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасын басқарған, ал 2012 жылдан 2019 жылға дейін Дзюдо федерациясының даму жөніндегі директоры қызметін атқарған.

2023 жылдың сәуір айынан бастап Азия дзюдо одағының рефери-директоры лауазымында жұмыс істеп келеді.

Бос қалған бас хатшы қызметіне Тимур Болат тағайындалды.

Конференция барысында өңірлік федерация өкілдерінің есептері тыңдалып, Қазақстан облыстарында дзюдо спортын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.