USD
USD
USD

Қазақстан Дубайда отандық тауарларды ұсынатын тұрақты павильон ашады

Сондай-ақ Қазақстан 40 тауар позициясы бойынша 233,5 млн доллар сомасына шикізаттық емес тауарлардың экспортын ұлғайтуға дайын.Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед Әл-Арикимен өткен кездесуде мәлімдеді.

Павильон
Фото: kidpassage.com

Алматы, NEGE. Кездесу барысында тараптар 2024 жылғы 26-29 ақпанда Абу-Дабиде өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының 13-ші конференциясын өткізу мәселесін талқылады.

Арман Шакқалиевтің айтуынша, БАӘ-ге сауда-экономикалық миссия аттанады, ол EXPO Dubai аумағындағы Қазақстанның Ұлттық павильонында ашылады.

Оған 30 қазақстандық компания, тауарлар мен қызметтерді өндірушілер қатысады. Миссия шеңберінде қазақстандық тауарлардың тұрақты жұмыс істейтін көрме-демонстрациялық алаңы, сондай-ақ IT және мұнай сервистік компаниялар үшін co-working space ашылады, деді Шаққалиев.

Министр Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның маңызды сауда серіктестерінің бірі екенін атап өтіп, Қазақстан 40 тауар позициясы бойынша 233,5 млндоллар сомасына шикізаттық емес тауарлар экспортын ұлғайтуға дайын екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес