USD
USD
USD

Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Бауыржан Әленов бастаған делегация Вьетнам астанасы Ханой қаласында өткен БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қою рәсіміне қатысты. Бұл туралы Polisia.kz жазды. 

Конвенция
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Аталған құжат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жаһандық киберқауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

ҚР ІІМ Конвенция жобасын әзірлеу барысында ұлттық мүдделерді ұстана отырып, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар енгізіп, белсенді жұмыс атқарды.

Конвенцияға қол қою Қазақстанның цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, киберқатерлерге қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жетілдіру және киберқауіпсіздік саласында басқа елдермен әріптестікті нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатын іске асырудағы маңызды қадам болды.

Конвенцияға қосылу Қазақстанға:

басқа елдермен электрондық дәлелдемелермен жедел алмасуға;
трансшекаралық киберқылмыстарды тергеу кезінде тиімді өзара іс-қимыл жасауға;
азаматтарды интернет-алаяқтықтан, кибершабуылдардан және цифрлық кеңістіктегі өзге де қауіптерден қорғауға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты