USD
USD
USD

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында өңірлер бойынша Құрбан айт намазының кестесі жарияланды.

Айт намазы
Фото: muftyat.kz

Астана, NEGE. Биыл Құрбан айт мерекесі 27-29 мамыр күндеріне сәйкес келеді.

Мүфтият жариялаған кестеге сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 6:00-ге белгіленсе, Қазақстанның батыс өңірлерінде, атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында және Қарағанды облысында сағат 6:30-да оқылады.

Бұған дейін бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айт мерекесін дәстүрімізге сай ұлттық нақышта өткізуді ұсынып, барша жамағатты ұлттық киім киіп, игі бастамаға белсенді түрде атсалысуға шақырған болатын.

Оның мәлімдеуінше, айт күндері «Құрбан айт – ұлық мереке» тақырыбында республикалық деңгейде игі іс-шаралар ұйымдастырылады. Облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен арнайы сайыстар ұйымдастырылады. Жер-жерде мәдени-рухани кештер өткізіледі.

Айт намазы
ҚМДБ

Қазір оқып жатыр

АҚШ-та қазақстандық жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

.

«Әділет» партиясы Құрылтайда барынша көп орын алуды көздейді

.

AMANAT партиясы «Әділет» партиясының құрамына қосылды

.

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция