USD
USD
USD

Қазақстанның боксшыларын Азия чемпионатына Головкиннің бапкері дайындайды

Бокстан ерлер арасындағы Қазақстан командасы Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатына дайындықты бастады. Біріншілік 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бокс
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Дайындық процесінің бастапқы кезеңі Алматыдағы оқу-дайындық жиынынан басталды. Бұл жиын жалпы физикалық дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

Оқу-жаттығу жиынына Ұлттық Олимпиадалық комитет президенті Геннадий Головкиннің шақыртуымен физикалық дайындықтан америкалық бапкер Кристофер Камачо тартылған.

Маман Қазақстан құрамасының бапкерлік штабына көмектесіп, боксшыларды құрлықтық біріншілікке дайындайды.

Айта кету керек, Кристофер Камачо көптеген жыл бойы кәсіби рингтегі түрлі жекпе-жегі алдында Геннадий Головкиннің жаттығу лагерьлеріне қатысқан. Сонымен бірге ол танымал ММА спортшылары Хабиб Нурмагомедов, Дэниал Кормье, Кейн Веласкес, Люк Рокхолдпен жұмыс істеген.

Қазір оқып жатыр

Көкшетаудағы екі сот қызметкерінің өлімі арасында байланыс бар-жоғын полиция тексеріп жатыр

Ақан Дайыркен мен Аян Дүйсеков

Назарбаевтар отбасымен құдандалы болған экс-премьер түрмеден үйқамаққа ауысты

Наджиб Разак

«Күйеуім сектаның ықпалынан шыға алмай жүр»: Нұртас Адамбайдың жұбайы дабыл қақты

Нұртас Адамбай мен жары Ғалия

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс