Қазақстан боксшылары шешуші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Қазақстан ұлттық құрамасы бокстан Әлем кубогына дайындық аясында 17–29 маусым аралығында шешуші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл туралы Sport12.kz порталы хабарлады.
АЛМАТЫ, NEGE. Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған жиынға АҚШ, Канада, Ирландия, Бразилия және Аустралия елдерінің спортшылары қатысуда.
Алдағы уақытта елордада өтетін Әлем кубогына Қазақстан атынан келесі боксшылар қатысады:
Алдағы уақытта елордада өтетін Әлем кубогында Қазақстан намысын Санжар Тәшкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Ертуған Зейнуллинов (65 кг), Абылайхан Жүсіпов (70 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Бекзад Нұрдәулетов (85 кг), Сағындық Тоғамбай (90 кг) және Айбек Оралбай (90 кг-нан жоғары) қорғайды.
Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Еске сала кетейік, World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Оның алғашқысы биыл сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтті. Қазақстан құрамасы онда үш алтын, үш қола медаль жеңіп алды:
Алтын: Дәулет Төлемісов (85 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг), Жазира Орақбаева (51 кг)
Қола: Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Даниял Сапарбай (90+ кг)
Турнирдің үшінші кезеңі 21–27 шілде аралығында өтеді. Жарыстың нақты қайда ұйымдастырылатыны кейінірек хабарланады.
Айта кетейік, бұған дейін Нидерландта өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы жалпы есебінде 8 медаль жеңіп алған болатын.