Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Қазақстан – бейбітшілік пен диалог символы» – Антониу Гутерриш

Антониу Гутерриш қонақжайлық танытқаны үшін ілтипатын жеткізіп, Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге қосқан үлесіне ерекше тоқталды.

Антониу Гутерриш
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. – Қазақстан – бейбітшілік пен диалог символы, халықтар арасындағы алтын көпір әрі көптеген жағдайда әділ мәмілегер екенін көрсетіп келеді. Бұған осыдан ондаған жыл бұрын ядролық қарудан бас тарту туралы тарихи шешім негіз қалады. Бұл шын мәнінде бүкіл әлем үшін өнегелі іс болды. Өркениеттердің қақтығысы туралы сөз қозғалғанда, Қазақстан өз тәжірибесі арқылы түрлі діндер және мәдениет өкілдері арасында диалог пен ынтымақтастық орнату мүмкін екенін дәлелдеді. Бұл Сіздің бастамаларыңыздан анық байқалады. Сіздер әрдайым әлемді ауызбіршілік пен бауырластыққа үндеп келесіздер, – деді Бас хатшы.

Кездесуде БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығы қызметінің перспективасы, Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесі, халықаралық және өңірлік күн тәртібі, сондай-ақ басқа да өзекті тақырыптар талқыланды.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант