23 Қаңтар 09:29
...

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін бір млрд доллар төлеген бе?

Ақорда
Фото: Ақорда

Газа бойынша Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін бір миллиард доллар төлеу қажет деген ақпарат тарады. Ақорданың баспасөз қызметі ел арасында туындаған «Қазақстан жарна төледі ме?» деген сұраққа түсініктеме берді.

Астана, NEGE. Ақорда мәліметінше, Бейбітшілік кеңесіне кіру үшін мемлекеттің ерікті шешімі қажет. Кеңеске кірген сәттен бастап мемлекеттің мүше болу мерзімі үш жылға созылады.

«Жарғыда көрсетілген 1 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі ерікті жарна мүшелікке кірудің шарты болып саналмайды. Бұл – әрбір қатысушының өз құқығы. Егер мұндай жарна бірінші жыл ішінде төленсе, мемлекет Кеңесте болу мерзімін белгіленген үш жылдық мерзімнен тыс ұзарту мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне ешқандай қаржылық жарна төлемей кірді, бұл Жарғының ережелеріне толық сәйкес келеді», – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Айта кетейік,  22 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Давос қаласына жұмыс сапарымен барып, Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды.

Қол қою рәсіміне Қазақстан Президентінен басқа 18 елдің басшылары мен өкілдері қатысқан.