USD
USD
USD

«Қазақстан балалары» – Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған арнайы заң әзірленеді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кино саласындағы заңнаманы күшейту бойынша басталған жұмыстар, балаларға арналған қазақ анимациясын дамыту жоспары туралы баяндады.

Балалар
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. Президенттің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шарттарын қайта қарау және үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнаманы жетілдіру туралы тапсырмаларын орындау мақсатында ҮЕҰ өкілдерінің арасынан сараптамалық комиссия құрылды. Сондай-ақ ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдени мұраны сақтау және ілгерілету жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленгені атап өтілді.

Білім беру саласында «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өскелең ұрпақты зорлық-зомбылықтан қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сапалы білім мен медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізуге, ерекше қажеттіліктері бар балаларға тең мүмкіндіктер беруге бағытталған арнайы заң әзірленетін болады.

Елімізде 11 аутизм орталығы жұмыс істейді, әр аймақта тиісті мекемелер ашу қажеттілігі атап өтілді. Сонымен қатар сұранысқа ие мамандықтарды даярлау үшін жағдай жасау да алдағы жоспарлардың қатарында тұр. Сапалы инфрақұрылымды дайындауға ерекше назар аударылатын болады. Мәселен, 1,2 мың орындық халықаралық колледж салу жоспарланған. 

Қазір оқып жатыр

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Автомектеп

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Әуежай

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді

такси

Нұрлыбек Нәлібаев Роман Склярдың орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

Нәлібаев