USD
USD
USD

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Қазақстан Азия Даму Банкінен 3,4 млрд қытай юанін, яғни шамамен 240 млн доллар қарызға алады.

Құрылтай отырысы
Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Бүгін Құрылтай отырысында «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды.

Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, Мемлекет басшысының 13 тамыздағы Жарлығына сәйкес 3,4 млрд қытай юанін қарызға алу туралы келісімге 2026 жылғы 11 қыркүйекте қол қойылған.

«Бұл қаражат Үкіметтің бірінші кезектегі шараларын қолдауға, көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіп, білім беру және басқа да басым бағыттарды қаржыландыруға мүмкіндік береді», – деді Мәди Тәкиев.

Министрдің сөзінше, қарызға қызмет көрсету және оны өтеу республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылмақ.

Сонымен қатар Тәкиев елдің банктегі қазіргі үлесі 0,805%-ды құрайтынын айтты. Ал осы уақытқа дейін тартылған инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 8,7 млрд АҚШ долларына жеткен.

«Қазақстанға тиісті қаражаттың берілуі халықаралық деңгейде біздің елімізге деген жоғары сенімді білдіреді. Сонымен қатар мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында белгіленген борыштық индикаторлардың нақты деңгейлері рұқсат етілген мәндер шегінде екенін атап өткен жөн», – деді министр.

Министрдің сөзінше, халықаралық қаржы ұйымдарының сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік борышын қалыпты деңгейде деп бағалап отыр.

Қазір оқып жатыр

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті