USD
USD
USD

Қазақстан азаматтығын алу үшін тапсырылатын емтихан қанша сұрақтан тұрады

Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығын алу үшін қазақ тілі және Қазақстан тарихы мен Конституциясы бойынша емтихан тапсырудың ережелерін әзірледі. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

азаматтык
Фото: baq.kz

 

Алматы, NEGE. Емтихан тест форматында жүргізіледі және 100 сұрақтан тұрады:

Қазақ тілі бойынша 60 сұрақ (20 – тыңдалым, 40 – оқылым);

Конституция бойынша 15 сұрақ;

Қазақстан тарихынан 25 сұрақ.

Азаматтық алу үшін кем дегенде 60 балл жинау керек:

тыңдау – кемінде 12 ұпай;

оқу – кемінде 24 ұпай,

Конституция – кемінде 9 балл;тарих – кемінде 15 балл.

Жалпы сынақ уақыты – 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қосымша 30 минут беріледі.

Төмендегі тұлғалар сынақтан босатылады:

1.кәмелетке толмағандар;

2.әрекетке қабілетсіз тұлғалар;

3.Қазақстанға сіңірген ерекше еңбегі немесе қажетті кәсібі бар тұлғалар;

4.этникалық қазақтар;

5.халықаралық шарттар бойынша азаматтықты жеңілдетілген алу құқығы бар адамдар.

Тестілеуге өтінімдер белгілі бір кезеңдерде қабылданады:

10 қаңтардан 20 қаңтарға дейін;

10 сәуірден 20 сәуірге дейін;

10 шілдеден 20 шілдеге дейін;

10-20 қазан аралығында.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов