«Қазақстан азаматтарының әлеуметтік жағдайы ескерілуі керек» – Сенатор
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президенттің энергетика саласына байланысты пікіріне қатысты сенатор Сүйіндік Алдашев ойын айтты.
– Жиында былтыр атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы кезеңнің басты міндеттері айқындалатынын аталып өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, «Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс. Бюрократияны тоқтату қажет, бізге нақты нәтиже керек. Жұмыс барысында жүйелі ұстаным болғаны жөн. Мәселені жедел шешумен қатар, экономиканың ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету өте маңызды».
Мемлекет басшысы атап өткен экономиканың стратегиялық салаларының бірі – жылу және электр энергетикасына тоқталғым келеді. Президент басым міндеттердің бірі ретінде жылу-энергия өндіруші және беруші саланы реформалау қажеттігін айқындады.
Елімізде жылу және энергия тұтыну қарқыны жылдан-жылға артып келеді. Қазақстан әлемдегі энергияны көп қажет ететін мемлекеттердің бірі болып қала береді.
Мәселе елдің дамуы осы саланың тұрақтылығына тікелей байланысты екендігімен күрделене түседі. Энергия және жылу беру компаниялары аймақтық компанияларда тозудың жоғары деңгейімен және айтарлықтай шығындармен сипатталады. Мәселе өзекті және тезірек шешуді қажет етеді.
Жылу және энергия өндіруші компаниялардың өз жабдықтары мен желілерін жаңғыртуы және бұл үшін қаражат тарифке салынуы қажет.
Бұл механизм барлық электр және жылу сатып алушылар үшін, атап айтқанда, бағасы орташа республикалық деңгейден төмен аймақтарда бағаны теңестіреді. Бұл ретте, Мемлекет басшысы айқындағандай, тұтынушылар үшін жүктемені төмендету атаулы субсидиялау арқылы мүмкін болады. Қазақстанның барлық азаматтарының әлеуметтік жағдайы мен мүмкіндіктерін ескере отырып, механизмді енгізу қажет.
Пайданы ескере отырып, тарифті қалыптастыру тетігі жылу және энергия өндіруші компаниялардың қарсы міндеттемелерін қамтуы тиіс екенін атап өткім келеді.
Тарифтің көтерілуі осы компанияларды өндірісті жетілдіруге, оның ішінде жаңартуды, жаңғыртуды, сондай-ақ шығындарды азайтуды жүзеге асыруға міндеттеуі тиіс.
Мемлекет басшысының Қазақстанды озық елге айналдыру нақты жоспарында түбегейлі саяси реформалар жүргізумен қатар, еліміздің қоғамдық-экономикалық өмірінде терең өзгерістер жасау үшін батыл шаралар қабылдауымыз қажет. Алдымен, еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатына жаңа серпін беру керек, яғни, экономиканың барлық саласын дамыту, ынталандыру жолдары мен алдағы міндеттерді қайта қарау қажет деп ойлаймын, – дейді сенатор.